Ескерткіш аталуы
«Рашаан хад»
Табылған жері мен cақтаулы жері
Моңғолия, Хэнтий аймағы Бат ширээт сұмыны Рашаан хад («Арасан жартасы») деген жердегі жартаста қашалынған.
Сақтаулы жері: орнында.
Ескерткіш өлшемі
Мәтін ұзындығы 19 см, таңба-әріп өлшемі- 2 см.
Ғылыми зерттеулері
Бұл мәтінді алғаш 1974 жылы Х.Пэрлээ анықтаған болатын629 , 1979 жылы Совет Моңғолия тарихи мәдени экспедициясы арнайы зерттеген, 1982 жылы С.Қаржаубай 630 зерделеген . 2006-2007 жылдары Ц.Баттулга, Н.Гэрэлмаа тағы да зерттеп жаңаша оқыған 631.