Тарихи анықтама
VIII-IX ғасыр.
Ұйғыр қағандығы дәуіріне байланысты мәтін.
Ескерткіш аталуы
«Сэврэй ескерткіші»
Табылған жері мен cақтаулы жері
Солтүстік ендік бойынша- 43º34´; шығыс бойлық бойынша- 102º15´.
табылған орнында.
Ескерткіштің сипаттамасы
Қазіргі Моңғолия Өмнөговь аймағы Сэврэй сұмынынан 6 км оңтүстік шығыста орналасқан.
Бітіктас мәрмәр тастан жасалынған. Осы тастың тегістеу бетінде көне түрік 7 жол және көне соғды жазулы 7 жол мәтін қашалған. Бірақ оның таңба-әріптері өте өшіңкі.
Ескерткіш өлшемі
0,8 х 0,52 х 0,69 м.
Ғылыми зерттеулері
1948 ж. И.А.Ефремов алғаш рет анықтаған. 1968 ж. Б.Ринчэн фотосуретін жариялады259 . 1969 ж. Кеңес –Моңғолия тарихи-мәдени бірлескен экспедициясы құрамында С.Г.Кляшторный, Б.Базылхан, Х.Лувсанбалдан, М.Шинэхүү қатысқан топ зерттеу жүргізген. 1971 ж. С.Г.Кляшторный, В.А.Лившиц бітіктастың мәтіндік зерттеуін жасады 260 . 1997 ж. Моңғолия-Жапония бірлескен экспедициясы зерттеген 261 .
Қосымша мәлімет
Н.Базылхан "Көне түрік бітіктастары мен ескерткіштері (Орхон, Ениесей, Талас)" //"Қазақстан тарихы түркі тілді деректемелерде" атты сериясы бойынша. II том. - Алматы: Дайк-пресс, 2005. - Б.164-165.