Тарихи анықтама
Орта ғасырдың басы.
Ескерткіш аталуы
Mainz 167
Табылған жері мен cақтаулы жері
Шығыс Түркістан. Бірінші Прусс Тұрпан экспедициясында (Erste Preußische Turfanexpedition 409) жүргізілген қазба жұмыстарында табылған.
Берлиндегі Бранденбург ғылым академиясында (Berlin-Brandenburgischen Akademie der Wissenschaften) сақтаулы.
Ескерткіштің сипаттамасы
Бұл жыртынды бөлік 173a,b (Wilkens, №575) және U 174a,b (Wilkens, №587) қолжазбаларымен бірге деп есептелініп408, бір қолжазбаның ортаңғы бөлігі саналады.
Жұмсақ, ашық сары түсті қалың қағазға жазылған.
Түрік бітікше.
А және В деп таңбаланған әр бетінде қара түспен жазылған төрт қатар жазу бар. Қоснүкте белгісін қызыл түспен қоршаған.
А бетінің 2 және 3 жолдарының арасында қарындашпен Т I D x 20 деген белгі қойылған. Жыртынды екі жағынан шынымен қапталған күйде. Шынының сыртында сол жақ төбесінде көлденең Mainz 167, тігінен T I D x 20 деген жазуы бар қағаздар жапсырылған.
Ескерткіш өлшемі
Әр жолдың арасы 0,9 см.
3,5 см (биіктігі) x 4,7 см (ені).
Ғылыми зерттеулері
Л.Кларктың422 айтуы бойынша бұл бөлік "Mensions Demon" хикаясы жазылған қолжазба. Сонымен қатар мұны Серткая 424 зерттеген.
Қосымша мәлімет
Depositum der BERLIN-BRANDENBURGISCHEN AKADEMIE DER WISSENSCHAFTEN in der STAATSBIBLIOTHEK ZU BERLIN - Preussischer Kulturbesitz. Orientabteilung.Mainz 167 (T I D x 20).