Ескерткіш аталуы
U 180
Табылған жері мен cақтаулы жері
Берлиндегі Бранденбург ғылым академиясында (Berlin-Brandenburgischen Akademie der Wissenschaften) сақтаулы.
Ескерткіштің сипаттамасы
Қолжазба беті ортасының жіңішке жыртынды бөлігі.
Алдыңғы жағы көне түрікше, артқы жағы көне ұйғырша.
Қатты, қоңыр түсті қағаз.
Жолдар саны: екі жағында 3 жолдан.
Оң жақ астыңғы бұрышында ТМ 331, оң жақ жоғарғы бұрышында U 180 деген белгілері бар жапсырмалар жапсырылған. Қоснүкте белгілерінің біреуі қызыл түспен қоршалған, қалған үшеуі қоршалмаған.
Ескерткіш өлшемі
Әр жолдың арасы: 1,3 см.
3,1 см (биіктігі) x 12,2 см (ені).
Ғылыми зерттеулері
Серткаяның 424 айтуы бойынша, бұл бөлікте әңгіме немесе тарихи мәтін жазылған.
Қосымша мәлімет
Depositum der BERLIN-BRANDENBURGISCHEN AKADEMIE DER WISSENSCHAFTEN in der STAATSBIBLIOTHEK ZU BERLIN - Preussischer Kulturbesitz. Orientabteilung.U 180 (TM 331).