Ескерткіш аталуы
Mainz 173a,b
Табылған жері мен cақтаулы жері
Шығыс Түркістан. Екінші Прусс Тұрпан экспедициясында (Zweite Preußische Turfanexpedition 410) жүргізілген қазба жұмыстарында табылған.
Берлиндегі Бранденбург ғылым академиясында (Berlin-Brandenburgischen Akademie der Wissenschaften) сақтаулы.
Ескерткіштің сипаттамасы
2 жыртынды бөлік шынымен қапталған, а бөлігі қолжазбаның сол жағы.
Ашық сары түсті, қатты қағазға жазылған.
Көне түрікше.
Әр бөліктің А және В деп белгіленген жақтарында 3 жолдан жазу бар. Қоснүкте белгісін қызыл түспен қоршаған.
В жағының b бөлігінде 2 және 3 жолдардың арасында D 19 деп белгіленген; А жағында шыны қабықтың оң жағында Mainz 173, TII D.19 деген белгілер жапсырылған.
Ескерткіш өлшемі
Жолдардың арасы 1,2 см.
а: 3,8 см (биіктігі) x 2,1 см (ені); b: 3,5 см (биіктігі) x 2,0 см (ені).
Ғылыми зерттеулері
Серткая 424 зерттеу жүргізген.
Қосымша мәлімет
Depositum der BERLIN-BRANDENBURGISCHEN AKADEMIE DER WISSENSCHAFTEN in der STAATSBIBLIOTHEK ZU BERLIN - Preussischer Kulturbesitz. Orientabteilung. Mainz 173a,b ((T II) D 19).