Ескерткіш аталуы
U 181
Табылған жері мен cақтаулы жері
Шығыс Түркістан. Екінші Прусс Тұрпан экспедициясында (Zweite Preußische Turfanexpedition 410) жүргізілген қазба жұмыстарында табылған.
Берлиндегі Бранденбург ғылым академиясында (Berlin-Brandenburgischen Akademie der Wissenschaften) сақтаулы.
Ескерткіштің сипаттамасы
Кітап бетінің жоғарғы жағы, бірінші 2 жол жазылған біраз жері жыртылып қалған.
Алдыңғы жағы көне ұйғырша, артқы жағы көне түрікше.
Қатты, сарғыш сұр, талшықты қағаз.
Жолдар саны: алдыңғы жағында 6 жол, артқы жағында 7 жол.
Алдың жағында 5 және6 жолдардың арасындағы бос жерде штемпельмен T II белгісі, қаламмен Т белгісі қойылған; артқы жағында оң жақ жоғарғы шетінде T II T x 6 Toyoq белгісі бар ескі жапсырма жапсырылған, сол жақ астыңғы бұрышында U 181 деген белгісі бар жапсырма жапсырылған.
Ескерткіш өлшемі
Әр жолдың арасы: 1,7-2,0 см.
14,0 см (биіктігі) x 27,2 см (ені).
Ғылыми зерттеулері
Серткая 424 зерттеу жүргізген.
Қосымша мәлімет
Depositum der BERLIN-BRANDENBURGISCHEN AKADEMIE DER WISSENSCHAFTEN in der STAATSBIBLIOTHEK ZU BERLIN - Preussischer Kulturbesitz. Orientabteilung.U 181 (T 11 T).