Ескерткіш аталуы
Mainz 175
Табылған жері мен cақтаулы жері
Берлиндегі Бранденбург ғылым академиясында (Berlin-Brandenburgischen Akademie der Wissenschaften) сақтаулы.
Ескерткіштің сипаттамасы
Фрагмент 2 бөліктен тұрады, a бөлігі – оң жағы.
Көне түрікше.
Жолдар саны: А және В жақтарында 4 жолдан.
Қатты, қызғылт түсті қағаз.
В жағы: b бөлігінің жоғары жағында қаламмен ТМ 337 деген белгі, а бөлігінің сол жағында қаламмен ТМ 337 деген белгі қойылған. А жағы: оң жақ астыңғы бұрышында ТМ. 337х және Mainz 175 деген белгілері бар жапсырмалар жапсырылған.
Ескерткіш өлшемі
Әр жолдың арасы: 0,8 см.
а: 2,8 см (биіктігі) x 4,3 см (ені); b: 3,0 см (биіктігі) x 2,0 см (ені).
Ғылыми зерттеулері
Серткая 424 зерттеу жүргізген.
Қосымша мәлімет
Depositum der BERLIN-BRANDENBURGISCHEN AKADEMIE DER WISSENSCHAFTEN in der STAATSBIBLIOTHEK ZU BERLIN - Preussischer Kulturbesitz. Orientabteilung. Mainz 175 (TM 337).