Ескерткіш аталуы
Қара-Бом, Семисарт
Табылған жері мен cақтаулы жері
Ело ауылынан 4 км оңтүстік батыстағы Семисарт шатқалындағы палеолит кезіндегі тұрақ тұрған жердегі Қара-Бом жартасында табылған.
Ескерткіштің сипаттамасы
Мәтін өлшемі 175 х 50 см болатын кішірек келген бетке қашалған. Тігінен қашалған 1 жол 12-14 таңбадан тұрады.
Ескерткіш өлшемі
Жолдың ұзындығы 26 см, таңбалардың биіктігі 3-5 см.
Ғылыми зерттеулері
1996 ж Е.Е.Ямаева тапқан. Тұрған жерінде мәтінді 2005 ж И.А.Невская, Л.Н.Тыбыкова зерттеді.
Бұл анықтама В.А.Кочеев523 еңбегінен алынған.