Ескерткіш аталуы
Жалгыз-Тебе I
Табылған жері мен cақтаулы жері
Қос-Ағаш ауылының оңтүстігінен 10-12 км жердегі Чуй даласындағы Жалғыз-Төбе тауының төбесінен табылған түрік бітік мәтін.
Ескерткіштің сипаттамасы
Солтүстікке қарай шығыңқы тұрған жартасқа қашалған. Мәтін тігінен 2 жол болып бітіктелген. Бірінші жол 27, екіншісі 12 таңбадан тұрады.
Ескерткіш өлшемі
Таңбалардың биіктігі 1,6-дан 2,9 см дейін.
Ғылыми зерттеулері
1980 ж В.Д. Кубарев тапқан. Тұрған орнында В.М.Наделяев 573, Д.Д.Васильев, И.Л.Кызласов574, Л.Н.Тыбыкова, И.А.Невская және басқалар зерттеді. Бұл анықтама В.А.Кочеев523 еңбегінен алынған.