Ескерткіш аталуы
Бар-Бургазы III; Барбургазы II, к.9
Табылған жері мен cақтаулы жері
Орта ғасырлық жерлеу жасалған Бар-Бұрғазы қорымының 9-қорғанынан түрік бітік мәтіні бар белдіктің ұшы табылған.
Ескерткіштің сипаттамасы
4 таңбадан тұратын мәтін. Новосибирск қаласында (ИАЭ СО РАН) сақтаулы.
Ғылыми зерттеулері
1979 жылы В.Д.Кубарев569 аталмыш қорғанда жасаған қазба жұмысы кезінде табылған. Г.В.Кубаревтің593 еңбегінде Барбургазы II, к.9 деп көрсетілген. Мәтіндік зерттеуін И.Л.Кызласов 570 жасады. Бұл анықтама В.А.Кочеев523 еңбегінен алынған.