Ескерткіш аталуы
Бичикту-Бом III
Табылған жері мен cақтаулы жері
Оңғыдай ауданындағы Бичикту-Бом ауылының оңтүстік маңынан табылған.
Табылған орнында.
Ескерткіштің сипаттамасы
Кішірек жартастың өлшемі 65 х 52 см болатын тақтасының бетіне қашалған. Тақта оңтүстікке қарап тұр, таудың етегінде орналасқан. «Древнетюркский словарь»526 бойынша индексі - А8.
Мәтін 2 тігінен бітіктелген жолдан тұрады. Бірінші жолы 35 таңбадан, екіншісі 3 таңбадан тұрады.
Ескерткіш өлшемі
Таңбалардың биіктігі 1 ден 3 см дейін.
Ғылыми зерттеулері
1950 жж аяғында Т.И Сабаева тапқан. Тұрған жерінде 1964 ж К.Сейдакматов, 1966 ж Е.И.Убрятова605, 1980 ж Д.Д.Васильев606, 1994 ж И.Л.Кызласов607, 2003-2005 жж И.А.Невская, Л.Н.Тыбыкова 527 зерттеді. В.А.Кочеев 523.
Мәтіндің зерттеуін К.Сейдакматов, Э.Р.Тенишев604, Е.Н.Убрятова, И.Л.Кызласов жүргізді.