Чаа-Холь VIII, Е 20
Ұлық-Кемнің сол ағысы бойынша, Кемчик өзенінің сағасынан 25 км жоғарыда орналасқан Чаа-қол өзені маңындағы жазықтан бір топ бітіктастар табылған. Қазіргі уақытта ол жер Саян-Шушенск ГЭС-інің су қоймасының астында қалған. Аталмыш топ ескерткіш, Е 15-тен басқасы музейлерде сақтаулы.
Бұл бітіктастың табылған жері Ұлық-Кемнiң сол ағысы бойынша Чаа-Қол сағасынан 8 км жерде.
1961 ж Тува музейі мен ТНИИЯЛИ қызметкерлері ескерткішті Тува музейіне әкелген.
Тува Музейiнде сақтаулы.
Жасыл сұр сланец тастан жасалған. Көлденең қимасы төртбұрышты. Бір қапталы тегістелген. Бүйір беттері жақсы тегістелмеген. Қырлары анық.
2 жолдан тұратын бітік тегістелген бетке тігінен қашалған. Төменгі жағында таңба бар.
Биіктігі – 179 см, ені – 34 см, қалыңдығы – 48 см
Сафьяновтың сілтеуімен 1888 ж Аспелин тапқан. 1889 ж Гейкел фотоға түсірген 121 (I, XI). 1891 ж Ошурков эстампаж жасап Радловқа тапсырған 122 (LXXXVII, фиг. 5).
Мәтіндік зерттеуін С.Е.Малов, H.N.Orkun, И.В.Кормушин және басқалар жасаған.