VIII-IX ғ
«Хербис-Баары ескерткіші»
Ұлық Кем өзені оң жағалауы Кербис-Бары деген жердегі қорғанда орнатылған.
1961 ж. А.М.Щербак, И.А.Батманов зерттеп, Тува музейіне әкелген.
Қызыл күрең түсті сланец тастан жасалынған. Төбе тұсы доғалақтау етіліп жасалынған. Екі қапталы және екі қыры барлығы 8 жол мәтін қашалған. Таңба қашалған.
биіктігі - 1,32 м, ені - 0,20-0,49 м, қалыңдығы - 0,17 м.
1960 ж. Вайнштейн тапқан. А.М.Щербак, И.А.Батманов, А.И.Кунаа, Д.Д.Васильев, А.С.Аманжолов, И.В.Комушин зерттеді.
Н.Базылхан "Көне түрік бітіктастары мен ескерткіштері (Орхон, Ениесей, Талас)" //"Қазақстан тарихы түркі тілді деректемелерде" атты сериясы бойынша. II том. - Алматы: Дайк-пресс, 2005. - Б.201.