Мендур-Соккон III
Бітік Өс-Қан ауданының Меңдүр-Соққан ауылына баратын жолдағы Бом жартасында болған. Қазір ол жартасты жарып жібергеннен кейін жоғалып кеткен.
«Древнетюркский словарь» бойынша индексі - А 9.
Б.Х. Кадиков 1960 ж тауып, жаңғыртпасы мен фотосуретін К.Сейдакматов пен Н.А.Баскаковқа берген. Ғылыми зерттеуін К.Сейдакматов546, Н.А.Баскаков547, Э.Р.Тенишев548, Д.Д.Васильев549 жасады. Мәтіндік зерттеуін К.Сейдакматов, Н.А.Баскаков, Э.Р.Тенишев жасады. Бұл анықтама В.А.Кочеев523 еңбегінен алынған.