Устюги Сары-Кобы
Оңғыдай ауданындағы Бичикту-Бом ауылының батысынан 3км жердегі Үстіңгі Сары-Қобы деген жыра-сайда, кішкене жартастың ойығында қашалған.
Жатығынан бітіктелген 9-10 таңбадан тұратын мәтін өлшемі 155 х 81 см болатын бетке қашалған. Жазбаның оң жағында этнографиялық кезеңнен қалған көптеген петроглифтер бар.
Жолдың ұзындығы 10,2 см. Таңбалардың биіктігі 1,5см-2 см аралығында.
Ауыл тұрғыны А.Т.Урбанов 1997 ж тапқан. Тұрған жерінде И.Л.Кызласов, И.А.Невская, Л.Н.Тыбыкова зерттеді. Бұл анықтама В.А.Кочеев523 еңбегінен алынған.