Ялбак-Таш XXVIII
Мәтін Жалпақ-тас, III жазықтық деп аталып XVII-ден XXIX-ға дейін таңбаланған жазба ескерткіштерінің арасында. Жартастың үшінші қабатындағы мәтіндердің бәрінен жоғары, жартас жазығының сол бұрышында орналасқан.
5 таңбадан тұратын 1 жол. Колбеу жазылған жол: соңы басынан жоғары. Жазба жартастың бір жырығының үстін қиып өтіп екіншісіне жетіп тоқтайды.
Жолдың ұзындығы 10,4 см. Таңбалардың биіктігі 1,4-2,4 см.
И.Л.Кызласов578 1994 ж тапқан. Қараңыз: И.Л.Кызласов517, В.А.Кочеев523.
Кызласовтың аудармасы: (Это) я написал.