Ээрбек II, Е-149
Ээрбек ауылынан 19 км қашықтықтағы Ұлық-Кем өзенінің оң жағалауында Оңғар-Қобы деген жерден табылған. Сол жерден Е-147 бітіктасы да табылған.
Тува музейінде сақтаулы.
Күлгін құмдақ тастан жасалған бітіктас. Тастың жоғарғы жағы төменгі жағынан үлкендеу болып қисайған. Тастың бетіндегі мәтін де тастың ыңғайына қарай қисық қашалған. Барлығы 6 жол мәтін бар.
Биіктігі - 141 см, ұзындығы - 43 см, ені - 27 см
Мәтінін И.Кормушин592 оқыған.