VIII-IX ғ
«Кызыл Чыраа екінші ескерткіші»
Ұлық Кем өзені Баян-қол саласының Қызыл Чыра деген жерде қазіргі Қызыл қаласынан 50 шақырым батыста Е-43 бітіктасынан 350 м жерде орнатылған.
1961 ж. И.А.Батманов зерттеп, Тува музейіне әкелген.
Ұлық Кем өзені Баян-қол саласының Қызыл Чыра деген жерде бір-біріне жақын екі бітіктас (Е-43, Е-44) орнатылған екен.
Қызыл күрең түсті құмдақтастан жасалынған. Төбе тұсы доғалақтау етіліп жасалынған. Бір бетінде барлығы 6 жол мәтін қашалған. Таңба қашалған.
биіктігі - 1,86 м, ені - 0,31-0,41 м, қалыңдығы - 0,35 м.
1916 ж. Адрианов тапқан. С.Е.Малов, Х.Н.Орхун, И.А.Батманов, А.И.Кунаа, Д.Д.Васильев және т.б. ғалымдар зерттеді.
Н.Базылхан "Көне түрік бітіктастары мен ескерткіштері (Орхон, Ениесей, Талас)" //"Қазақстан тарихы түркі тілді деректемелерде" атты сериясы бойынша. II том. - Алматы: Дайк-пресс, 2005. - Б.192.